Microsoft 365 бүкіл әлемде істен шықты — Outlook поштасы мен Teams-тің кейбір функциясы жұмыс істемей қалды, ақау мемлекеттік мекемелерге және ChatGPT мен Claude-тың Microsoft 365-пен интеграциясына да әсер етті.
Ең жоғары сәтте пайдаланушылар Outlook бойынша 130 000-нан астам шағым түсірді. Сингапурда үкімет поштасы тоқтады, Жапония мен Аустралия билігі және АҚШ Өкілдер палатасы да іркілістер туралы хабарлады. Microsoft 13 қарашаның таңына дейін сервистерді тек ішінара қалпына келтірді.
Telegram ↗